28 желтоқсан 2015 15:10

Головкин - Альварес жекпе-жегі 2016 жылы күтілетін кездесулердің көшін бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Boxingscene.com © Boxingscene.com

Головкин мен Альварес жекпе-жегі 2016 жылы күтілетін маңызды кездесулердің көшін бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Головкин мен Альварес жекпе-жегі 2016 жылы күтілетін маңызды кездесулердің көшін бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин 2015 жылы басты рольде болды. Дегенмен мексикалық Сауль Альварес Мигель Коттоны жеңіп, Головкинмен қызықты жекпе-жек өткізе алатынын дәлелдеді", - делінген Boxing News басылымының хабарламасында.

2016 жылы өтуі мүмкін негізгі кездесулерге Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер арасындағы жекпе-жек те кірді. Boxing News екі боксшының кездесуін төртінші орынға қойды. Үздік бестікке Андре Уорд - Сергей Ковалев жекпе-жегі де кірді. 2016 жылы өткізілуі мүмкін маңызды жекпе-жектердің тізімімен мына жерден таныса аласыздар.

Еске сала кетейік, 15 желтоқсанда Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы жекпе-жекке қатысты шешім шығарған болатын. WBC шешіміне сәйкес, екі боксшы жекпе-жек туралы өзара келісулері керек. Қыркүйек айында өткізілетін кездесуге өзара келісу үшін тараптарға 31 мамырға дейін уақыт берілді. Егер осы уақытқа дейін екі тарап мәмілеге келе алмаса, промоутерлік сауда тағайындалады. WBC чемпиондық атағына таласуға тараптардың бірі өз еркімен келіспесе, онда сол боксшы титулдан айырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети