11 желтоқсан 2014 17:02

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысы Назарбаевқа хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамаш Аян. ©vesti.kz Тамаш Аян. ©vesti.kz

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Тамаш Аян Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматыда өткен әлем чемпионатының лайықты ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтты. Президенттің атына осындай мазмұндағы хат келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Автор өзінің хатында Алматыда өткен чемпионат осы жарыс түрінің тарихындағы ең табысты турнир болғанын атап өткен. Соған орай ол Мемлекет басшысына, Үкімет мүшелеріне және спорт қайраткерлеріне аталған жарысты лайықты деңгейде ұйымдастыруға айрықша көңіл бөлгені үшін ризашылығын білдіреді. 

"IWF президенті сондай-ақ Қазақстан атлеттері жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін айта отырып, жалпы бұл турнир нәтижелері бүкіл әлемде зор резонанс туғызғанына тоқталады", - делінген ҚР Президентінің ресми сайтында. 

Сонымен қатар хатта Алматыда халықаралық ауыр атлетика федерациясының жыл сайынғы конгресі өткені, оның барысында Федерацияның 109 жылдық тарихында маңызды мәнге ие болған шешімдер қабылданғаны айтылады. Соңында Аян ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін Алматының кандидатурасын ілгерілетуге септігін тигізгеніне назар аударады.

Еске сала кетейік, Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 8-16 қараша аралығында өткен еді. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алды. Ауыратлеттеріміз үш алтын, екі күміс медаль иеленді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети