12 қазан 2014 12:18

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Алматыға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Томас Бах. Фото isteroids.com сайтынан Томас Бах. Фото isteroids.com сайтынан

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бастаған делегация Алматыға келіп, Алатау бөктеріндегі қаламыздың спорттық тыныс-тірлігімен танысып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бастаған делегация Алматыға келіп, Алатау бөктеріндегі қаламыздың спорттық тыныс-тірлігімен танысып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бастаған аталмыш ұйымның шағын делегациясы Алматыға келіп, бүгін отандық БАҚ өкілдері мен спортшыларға арналған баспасөз жиынын өткізді.

Бірінші кезекте кейінгі жылдардағы Қазақстан спортшыларының ерен жетістіктерін айта кетуге тиіспін. Лондон Олимпиадасындағы жетістіктеріңізді бөле-жара айта кетпеуге болмайды. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 29-орынға ие болсаңыздар, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 12-орынға көтерілдіңіздер. Мұндай серпіліс Олимпиада ойындары тарихында болмаған.

Жақында ғана аяқталған ХVІІ жазғы Азия ойындарын да бақылап отырдық. Қазақстан спортшылары бұл дүбірлі дода да өте жоғары нәтиже көрсетті. Бұл жас спортшыларыңыздың өсіп-жетіліп келе жатқандығын көрсетеді. Соңғы жылдардағы жазғы және қысқы спорт түрлеріндегі көрсеткіштеріңіз Қазақстанда спорт қарқынды түрде дамып келе жатқандығын білдіреді. Ең бастысы, сіздерде тұрақтылық бар.

Осы залда Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері көп отыр. Мен Алматыға бірінші кезекте сіздермен кездесу үшін келдім. Екіншіден, әрине, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниет білдіріп отырған Алматы қаласымен көзбе-көз танысу үшін келдім.

Айтқым келетіні, сіздерде көптеген спорт кешендері бар. Қысқы Азия ойындарын өткіздіңіздер. Енді 2017 жылы бүкіләлемдік Универсиаданы өткізбексіздер. Содан кейін Олимпиада ойындарын өткізуге ниет білдіріп отырсыздар. Яғни тәжірибе жинап келесіздер.

Бірден айтайын, сіздердің мүмкіндіктеріңіз зор. Көптеген спорт кешендеріңіз бар. Біз кешеден бері Шымбұлақ пен Медеуде болдық, шаңғымен тұғырдан секіретін спорт кешенін көрдік. Кейбір спорттық кешендер 2017 жылғы Универсиадаға дейін салынып бітеді екен. Ең бастысы, бұл бастамаларыңызды Президенттеріңіз, Үкімет және қалалық әкімшілік қолдап отыр, – деді ХОК басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети