25 қыркүйек 2014 14:10

Хиджаб кигені үшін жарыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

xsport.ua xsport.ua

XVII-ші Азия ойындарының бел ортасына келгенде «сары құрлықтың» басты додасында тағы бір дау шықты, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


XVII-ші Азия ойындарының бел ортасына келгенде «сары құрлықтың» басты додасында тағы бір дау шықты, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Бұл жолы дау Катар құрамасынын шығыр отыр. Бұл елдің баскетболдан әйелдер құрамасы ұйымдастырушылардың хиджаб киіп ойнатпағаны үшін Инчхонды өзге құрамаларға қарағанда ерте тастап кетті.

Негізі Катар құрамасы сейсенбі күні Моңғолия құрамасына қарсы ойнауы керек еді. Алайда, ұйымдастырушылар Арабия түбегінің шығысында орналасқан Катар құрамасының баскетболшы қыздарына хиджабпен кортка шығуына рұқсат бермеді. Сөйтіп ол кездесуде Моңғолия құрамасы техникалық жеңіске жеткен еді.

Кейін Катар құрамасы Непал және Қазақстан құрамаларымен кездесу өткізу керек болатын. Бірақ құраманың бапкерлер қосыны бұл кездесулердің алдында ресми түрде Азия ойындарынан шығатынын мәлімдеді. Ал, бұл іске қатысты ұйымдастырушылар тарапы әлі ресми түсініктеме берген жоқ.

Орайы түскенде айта кетейік...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети