14 сәуір 2015 13:08

Илья Ильин әлемнің үздік ауыр атлетінің сыйлығын Астанада алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин Лондондағы XXX жазғы Олимпияда ойындары кезінде. © РИА Новости Илья Ильин Лондондағы XXX жазғы Олимпияда ойындары кезінде. © РИА Новости

2014 жылдың үздік ауыр атлеті атанған Илья Ильин өзінің марапатын Астанада өтетін арнайы рәсімде алады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Йено Боскович атындағы дәстүрлі сыйлықты International Weightlifting Federation (Халықаралық ауыр атлетика федерациясы) өкілдері Қазақстанда табыс етеді.


2014 жылдың үздік ауыр атлеті атанған Илья Ильин өзінің марапатын Астанада өтетін арнайы рәсімде алады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Йено Боскович атындағы дәстүрлі сыйлықты International Weightlifting Federation (Халықаралық ауыр атлетика федерациясы) өкілдері Қазақстанда табыс етеді.

Ол федерация мүшелерінің дауыс беру нәтижелері бойынша сыйлықтың лауреаты болды. Марапаттау рәсімі 24 сәуірде өтеді. Айта кетейік, Илья Ильиннен бөлек Ресей спортшысы Татьяна Каширина да 2014 жылдың үздік ауыр атлеті атанды. Толығырақ мына жерден оқыңыздар. Қазақстандықтың бұл сыйлықты үшінші рет алып отырғаны белгілі. Қазақстандық зілтеміршілер арасында бұл сыйлық бұған дейін Зульфия Чиншанлоға берілген болатын.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қараша айында Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өткен болатын. Сол кезде Илья Ильин әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды. Ол 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тұңғыш рет өнер көрсетті (оған дейін 94 келі салмақта болатын). Ауыр атлет жұлқа көтеруде 190 келіні, серпе көтеруде 242 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатты. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Алматыда өткен әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде үшінші орынды иеленді. Қазақстан спортшылары үш алтын, екі күміс медаль жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети