11 қаңтар 2016 15:36

Илья Ильин - әлемнің үздік ауыратлеті атағына үміткер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суреттер iwf.net, vk.com,sports.kz сайттарынан алынды Суреттер iwf.net, vk.com,sports.kz сайттарынан алынды

Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) 2015 жылдың ең үздік ауыр атлеті атағына үміткер спортшыларға дауыс беру шарасын бастады. Ерлер арасындағы үміткерлер қатарында отандасымыз Илья Ильин де бар. Бұл туралы Massaget.kz басылымы жазды.


Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) 2015 жылдың ең үздік ауыр атлеті атағына үміткер спортшыларға дауыс беру шарасын бастады. Ерлер арасындағы үміткерлер қатарында отандасымыз Илья Ильин де бар. Бұл туралы Massaget.kz басылымы жазды.

IWF ерлер және әйелдер арасында жылдың үздік спортшысын анықтау шарасын жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Естеріңізде болса, 2014 жылы әлемдегі ең үздік ауыр атлеттер марапатына отандасымыз Илья Ильин мен ресейлік Татьяна Каширина (әйелдер арасында) ие болған еді. Мәртебелі сыйлық Астана қаласында табысталған болатын.

Ауыр атлетикадан 2015 жылдың үздік спортшысы тізіміне ерлер мен әйелдер арасында 5 спортшыдан еніп отыр. Дауыс беру IWF ресми сайтында өтуде. Ерлер мен әйелдер тізімінде бір спортшыға ғана дауыс бере аласыз. Дауыс беру 31 қаңтарға дейін жалғасады. Олай болса (сіз Ильинге дауыс бергенше) үміткерлер тізімімен таныстыра отырайық.

Ерлер арасында 2015 жылдың үздік спортшысына үміткерлер

Чэнь Лицзюнь (Қытай)


62 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын «аспан асты елінің» спортшысы Хьюстонда екі дүркін әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ жұлқа көтеру (183 келі) қос жаттығу қорытындысында (333 келі) әлем рекордын орнатты.

Илья Ильин (Қазақстан)


Сыр өңірінің саңлағы 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатына қатысқан жоқ. 105 келіге дейінгі салмақта Ильиннің жерлесі Александр Зайчиков барып, алтын медаль алып келді. Илья өткен жылы Грозныйдағы РФ президенті кубогына қатысып, чемпион атанып қана қоймай, екі бірдей әлем рекордын жаңартты. Алдымен серпе көтеруде 246 келіні көтеріп рекорд орнатса, қос жаттығудың қорытындысы бойынша беларус спортшысы Андрей Арямновтың рекордын жаңартты.

Артем Окулов (Ресей)


Ресейлік ауыр атлет 85 келіге дейінгі салмақта Хьюстонда топ жарды. Алайда бұл спортшы 2015 жылы ешқандай рекорд жаңартқан жоқ. Әлем чемпионы атану - 1994 жылы дүниеге келген спортшының мансабындағы ірі жетістіктерінің бірі.

Ом Юн Чхол (КХДР)


2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанған спортшы одан кейінгі үш әлем чемпионатына да қатысты. 2013 жылы Вроцлавта, 2014 жылы Алматыда, 2015 жылы Хьюстонда әлем чемпионы атанды. 56 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы Хьюстонда серпе көтеру жаттығуы бойынша 171 келіні ырқына бағындырып, әлем рекордын жаңартты.

Ши Чжиюн (Қытай)


Ши Чжиюн есімді Қытайдың бірнеше ауыр атлеті болған. Біз айтып отырған Ши Чжиюн 1993 жылы дүниеге келген. 69 келіге дейінгі салмақта жарысқа қатысатын спортшы 2015 жылы Хьюстонда ірі жетістігіне қол жеткізіп, әлем чемпионы атанды.

Әйелдер арасында 2015 жылдың үздік спортшысына үміткерлер

Ден Вэй (Қытай)

 
1993 жылы дүниеге келген қытайлық ауыр атлет үш дүркін әлем чемпионы атағына ие. 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында 63 келіге дейінгі салмақта бақ сынап, әлем чемпионы атанды. Серпе көтеруде 146 келіні басынан асырып, әлем рекордын жаңартқан-ды. Ден Вэй 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында да жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Хсу Шу-Чин (Қытайлық Тайпей)


Хсу Шу-Чин үшін де 2015 жыл сәтті өтті. Хьюстонда өткен әлем чемпионатында қытайлық Чэн Сяотинмен соңына дейін алтын медальға таласып, салмақ айырмасы бойынша әлем чемпионы атанды. 2014 жылы Алматыда өткен додада күміс жүлде алған еді.

Кан Юэ (Қытай)


Қытайлық спортшы биыл алғаш рет әлем чемпионы атанды. Алматыдағы әлем чемпионатында қола жүлде алса, оған дейін екі рет күміс медальға ие болған еді. 75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын спортшы қазақстандық Светлана Подобедованың басты қарсыластарының бірі де. Хьюстонда қазақстандық спортшы Кан Юэден 6 келі аз көтерді.

Татьяна Каширина (Ресей)

75 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін ауыр атлет Ресейдің ғана емес, әлемнің үздік спортшыларының бірі. Биыл Хьюстондағы әлем чемпионаты мен Тбилисидегі Еуропа чемпионатында алдына жан салған жоқ.

Боянка Костова (Әзірбайжан)


Болгарияда дүниеге келген спортшы бүгінде Әзірбайжан елінің намысын қорғап жүр. Бұл спортшы үшін де 2015 жыл сәтті өтті. Хьюстонда өткен әлем чемпионатында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, екі бірдей әлем рекордының мұртын бұзды. 58 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын спортшы серпе көтеруде 112 келіні еңсеріп, жалпы қос жаттығуда 252 келімен әлем рекордын жаңартты. Ал Тбилсиде өткен Еуропа чемпионатында қартамыс құрлықтың рекордын жаңартып, Еуропа чемпионы атанды.

Айта кетейік, 2015 жылдың үздік спортшылары тізіміне Хьюстондағы әлем чемпионатында допинг қолданды деп күдікке ілінген спортшылар енбеген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети