11 тамыз 2016 16:14

Илья Ильин қазақстандық ауыратлеттерге қолдау көрсету үшін Риоға барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин © Instagram Илья Ильин © Instagram

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, Риодағы Олимпиада ойындарынан шеттетілген қазақстандық ауыратлет Илья Ильин Рио-де-Жанейроға барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі спортшының Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Fly to #rio Өзімнің командамдағы спортшыларға қолдау көрсету үшін бара жатырмын және барлық қазақстандықты жеткен жеңістермен құттықтаймын!", - деп жазды Ильин өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Риодағы Олимпиада ойындарында Денис Уланов 12 тамызда, ал Александр Зайчиков 15 тамызда өнер көрсетеді.

Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионының қанынан Лондон Олимпиадасы кезінде алынған сынама спортшының допинг қолданғанын көрсеткен еді. Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті. Ильин болса допинг қолданғанын үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети