20 қараша 2014 22:32

Илья Ильинге арналған ән алғаш рет сахнада айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин әнді әншілермен біге орындады. Фото © kzvesti.kz  Илья Ильин әнді әншілермен біге орындады. Фото © kzvesti.kz

Өткен сейсенбі күні Қызылордадағы орталық алаң сахнасында ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің құрметіне арналып ән орындалды, - деп хабарлайды "Кызылординские вести".


Өткен сейсенбі күні Қызылордадағы орталық алаң сахнасында ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің құрметіне арналып ән орындалды, - деп хабарлайды "Кызылординские вести".

Жалғасы

"Көрермендер бірінші рет көпшілік алдында орындалған "Илья – чемпион!" әнін үздіксіз қол шапалақтап отырып, тыңдады. Әннің авторы – қызылордалық танымал композитор Алтын Бекенова және ақын Махмұтбай Әміреұлы. Әнді Баян Бектұрған, Алмас Қожахметов және Бақытжан Найманов үштігі орындады", - деп жазады басылым.

"ИЛЬЯ – ЧЕМПИОН"

Әні: Алтын Бекенова
Сөзі: Махмұтбай Әміреұлы

Жаралған жаның ерліктен, 
Қаһармандықтан, өрліктен. 
Жеңіске жеттің тағы да, 
Алаңдап көптен ел күткен.

Қайырмасы:
Илья - асыл ұланым, 
Самғаған биік қыраным. 
Көтердің елдің тағы да, 
Байрағын, әнін, ұранын!

Қос дүркін алтын алдырдың, 
Қос дүркін тауды тауға ұрдың. 
Көтеріп жеңіс тұғырын, 
Қол жетпес көкте қалдырдың.

Илья Ильин - тау тұлға, 
Қалдың сол таудай қалпыңда. 
Таңдантың тағы әлемді, 
Асырдың Сырдың даңқында.

Шаттық та шалқып, тасуда, 
Ұланым Жеңіс басында. 
Мерейің өсіп, ұлы елім, 
Жарқыра жаңа ғасырда. 

Илья - золотой чемпион, 
Подарил много радости. 
Синий флаг гордо в небо взмья, 
Илья по правду победил!

Илья Ильин - алыбым, 
Толағай болған тау ұлым. 
Жарқырап жанған жұлдызым, 
Жаһанға жайған жарығын.

Бұл ән Ильиннің Алматыда өткен әлем чемпионатындағы жеңісіне арналған мерекелік концерт бағдарламасы аясында шырқалды. Сондай-ақ, осы кеште Кеңес Дүйсекеевтің, Рамазан Таймановтың, Бәкір Тәжібаевтың және басқа да танымал қазақстандық ақындар мен композиторлардың әндері орындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети