17 қыркүйек 2014 20:47

Инчхонда Қазақстан спортшылары 29 қабатты үйде тұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сол жақта – Болат Хавлахат. Фото: Данияр Майлыбаев Сол жақта – Болат Хавлахат. Фото: Данияр Майлыбаев

ХVІІ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын Қазақстан спортшылары 29 қабатты биік үйге орналасты, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


ХVІІ жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын Қазақстан спортшылары 29 қабатты биік үйге орналасты, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Қазақстан спортшыларының алғашқы легі Инчхонға осыдан бір аптадай уақыт бұрын жеткен. Олар жерсіну процесінен өтіп, күнделікті жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

Инчхондағы Олимпиада қалашығында Қазақстан делегациясы 29 қабатты биік үйге орналасыпты. Олимпиада қалашығындағы зәулім үйлер жаңадан салынған екен. ХVІІ жазғы Азия ойындары аяқталған соң тұрғындарға берілетін сияқты.

Қазақстан делегациясына 29 қабатты үйлердің бірі (нөмірі – № 806) толығымен беріліпті. Терезелеріне үлкенді-кішілі көк байрағымыз ілінген. Алыстан-ақ мұнда Қазақстан делегациясы тұратындығы байқалады.

Үшінші қабатына Инчхондағы Қазақстан делегациясының штабы орналасқан. Онда Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және Штаттағы ұлттық командалар және спорттық резерв дирекциясының қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.

Біз осы штабтың жетекшісі Болат Хавлахатпен тілдескенімізде:
Дәл қазір бұл үйде 19 спорттың түрінен 209 спортшымыз тұрады. Кейбір пәтерлер жеті адамға арналған. Жалпы, бұл үйде біздің 456 споршымыз бір уақытта тұра алады, – деп жалпылама мәлімет берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети