24 қыркүйек 2014 09:33

Инчхонда Спорт комитеті басшысы жүлдегерлерді құтықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оң жақта - Елсияр Қанағатов. Фотоны түсірген: Данияр Майлыбаев Оң жақта - Елсияр Қанағатов. Фотоны түсірген: Данияр Майлыбаев

 Бүгін Инчхонда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов ХVІІ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін ресми түрде құттықтады, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


 Бүгін Инчхонда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов ХVІІ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін ресми түрде құттықтады, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Бүгін таңертең ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов ХVІІ жазғы Азия ойындарының төрт күнгі жүлдегерлерін ресми түрде құттықтап, гүл шоқтары мен кәдесыйлар табыс етті.

Себелеп жауған жаңбырға қарамай, Олимпиада қалашығындағы Қазақстан делегациясы орналасқан 29 қабатты үйдің алдындағы алаңға көп адам жиналды.

Құттықтау салтанаты аяқталған соң ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатовты сөзге тартып, алғашқы төрт күнді қорытындылап беруін өтіндік:

Басы жаман емес. ХVІІ жазғы Азия ойындарының алғашқы төрт күнінен соң 18 жүлдемен, оның ішінде екеуі алтын, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға орналастық. Спортшыларымыз әзірше жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Бұл дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде өткендігін білдіреді. Бірақ арқаны кеңге салуга болмайды. Жалпыкомандалық есептегі төртінші орыннан үмітті басты бәсекелестеріміздің, атап айтқанда Солтүстік Корея, Тайпей, Таиланд, Иран, Үндістан спортшыларының жүлде алар спорттары – әлі алда. Біздің спортшылар да жеңіл атлетика, бокс, ескек есу, күрес түрлері сияқты спорт түрлерінен жүлдені көбірек алулары керек. Яғни нағыз бәйге алда әлі.

– Ал осы төрт күнде сенімді ақтамаған спортшылар бар ма?

Бұл ретте, ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанлоны атауға болады. Біз одан тек алтын күткенбіз. Сондай-ақ кеше зілтемірші қызымыз Карина Горичева да жүлде алады деп жоспарлағанбыз. Сонымен қатар, шпагадан ерлер құрамасы финалға шығып, кем дегенде күміс жүлде алады деп күткенбіз. Есесіне, басқа спортшыларымыз алтынмен апталып, күміспен күптеліп жатыр. Зілтемірші Маргарита Елисеева өте жоғары нәтиже көрсетті. Жүзу спортындағы жас талантарымыз қуанышқа бөлеп жатыр. Стенд атудан қыздарымыз жүлде алады деп жоспарлағанбыз. Ал олар өз мақсаттаирын асыра орындап алтын медаль жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети