30 қыркүйек 2015 13:29

Интернетте Денис Теннің жаңа маусымға дайындығы түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© TheSkatingLesson © TheSkatingLesson

Қазақстандық фигурист, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен жаңа маусымға дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интернетте оның АҚШ-тағы Toyota Sports Center кешенінде дайындалып жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Өздеріңіз білетіндей, осы маусымда Денис Тен Skate America және Trophée Eric Bompard турнирлерінің Гран-при кезеңінде өнер көрсетеді. Skate America 24-26 қазанда өтеді. Қазақстандық спортшының қарсыласы 2014 жылғы әлем чемпионы, жапон Татцуки Матида, ресейлік Артур Гачинский және Адьян Питкеев, сонымен қатар америкалық Джереми Эббот және Джейсон Браун болмақ.

Ал Trophée Eric Bompard турнирі 21-23 қарашада Францияда өтеді. Бұл турнирде Дениске қытайлық Хань Ян, француз Флоран Амодио, ресейлік Максим Ковтун, Константин Меньшов және Адьян Питкеев, сонымен қатар, америкалық Ричард Дорнбуш қарсылас атанады. Гран-при финал 11-14 желтоқсанда Барселонада өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети