31 наурыз 2016 21:52

Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Денис Тенді жазалауды ойлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сочи-2014 Олимпиадасының чемпионы Юдзуру Ханю қазақстандық Денис Тен Бостондағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламаны орындау алдындағы жаттығу кезінде оны қасақана соғып өтті деп мәлімдеді. Бұл туралы Kyodo News порталы хабарлады.

Оқиға 30 наурызда болған. Ханюдың айтуынша, қазақстандықтың бұл әрекеті оны қатты уайымдауға мәжбүр еткен, сондықтан ол барлығын да басынан бастауға тура келген. "Мен бейнежазбаны қарадым және ол бұл әрекетті қасақана жасады деп ойлаймын", - деп мәлімдеді Ханю. Жапон спортшысы Денис Тенді бұған дейін де осындай қылық көрсетті деп айыптады.

Порталдың мәліметінше, Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Халықаралық конкишілер одағына (ISU) Тенге ескерту жасауды талап етіп, ресми шағым түсіруге ниетті. 

Еске салайық, 30 наурызда жапон мәнерлеп сырғанаушысы Юдзуру Ханю Бостондағы әлем чемпионатында қысқа бағдарлама бойынша 110,56 балл жинап, жеңімпаз атанған болатын. Денис Тен 12-орынды місе тұтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети