12 мамыр 2014 13:34

Жас балуандарымыз Азиядан 16 медаль әкелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретте – Әлішер Төлегенов. Фото ҚР күрес федерациясының әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды Суретте – Әлішер Төлегенов. Фото ҚР күрес федерациясының әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды

Бүгін күрес түрлерінен Таиландта өткен кадеттер (жасөспірімдер) арасындағы Азия чемпионатында 16 жүлде олжалаған өрендеріміз Алматыға ұшып келеді. Олар Нанкин Олимпиадасының төрт лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бүгін күрес түрлерінен Таиландта өткен кадеттер (жасөспірімдер) арасындағы Азия чемпионатында 16 жүлде олжалаған өрендеріміз Алматыға ұшып келеді. Олар Нанкин Олимпиадасының төрт лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадеттер арасындағы биылғы құрлық біріншілігінің маңызы да, мәртебесі де ерекше болды. Себебі жеткіншектер арасындағы Азия чемпионатында 16-28 тамыз күндері Нанкинде (Қытай) өтетін жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынды.

Осы ретте көңіл аударарлығы, бозбалалар арасындағы күрестің екі түрінен әрбір елге екі жолдамадан, ал қыздар күресінде бір ғана жолдама берілді. Қазақстан жеткіншектері Бангкок кілемінен төрт лицензия еншілеп қайтты. Тек еркін күресте бір ғана жолдама еншіледік. Грек-рим күресі мен қыздар күресінен мүмкін болған жолдамаларға толықтай қол жеткіздік.

Ал Нанкин Олимпиадасына кімдердің барып, ел намысын қорғайтындығын бапкерлер құрамы анықтай жатар. Бірақ қазірдің өзінде мына бес балуанымыздың аты-жөндері аталып отыр:

Мұхамбет Қуатбек (еркін күрес), Евгений Поливадов, Райымбек Құманғали, (екеуі де – грек-рим күресі) және Лаура Әлмағанбетова, Мерей Дүйсенова (екеуі де – қыздар күресі).

Жалпы, Бангкок кілеміндегі Азия чемпионатында мына қыз-бозбалаларымыз жүлдегер атанды:

Алтын
Ернар Фейдахметов (54 келі, грек-рим күресі),
Евгений Поливадов (69 келі, грек-рим күресі),
Мұхамбет Қуатбек (54 келі, еркін күрес),
Ирина Капитанова (65 келі, қыздар күресі);

Күміс
Диас Күресбай (46 келі, грек-рим күресі),
Райымбек Құрманғали (58 келі, грек-рим күресі)
Әбуқадыр Әбдіғапар (69 келі, еркін күрес)
Лаура Әлмағамбетова (38 келі, қыздар күресі)
Марина Закшевская (46 келі, қыздар күресі),
Мерей Дүйсенова (70 келі, қыздар күресі).

Қола
Әлішер Төлегенов (50 келі, грек-рим күресі),
Асылжан Рақымжанов (63 келі, грек-рим күресі),
Сейдахмет Дүйсенов (76 келі, грек-рим күресі),
Антон Савенко (100 келі, грек-рим күресі)
Дәулетқазы Есқали (76 келі, еркін күрес)
Алтынай Сатылхан (60 келі, қыздар күресі).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети