26 маусым 2016 18:23

Жасұлан Қыдырбаев 8 жылға спорттан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sk-sport.kz © sk-sport.kz

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыратлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг қолданғаны үшін дисквалификациялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыратлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг қолданғаны үшін дисквалификациялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен жылдың желтоқсанында IWF қазақстандық ауыратлеттерді Хьюстонда 2015 жылы өткен әлем чемпионаты кезінде алған допинг-сынамаларының негізінде уақытша спорттан шеттеткен еді. Олардың сынамалары қандарында дегидрохлорметилтестостерон препаратын көрсеткені белгілі.

Өміртай мен Өтешов төрт жылға, ал Қыдырбаев антидопинг заңнамасын қайта бұзғаны үшін сегіз жылға дисквалификацияланды. Олардың нәтижелері жойылды, Өтешов пен Қыдырбаев Хьюстондағы әлем чемпионатында алған медальдарынан қағылды.  

Еске салайық, әлем чемпионаты өткен жылы Хьюстонда 20-29 қараша аралығында өткен болатын. 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өтешов күміс медаль, ал Қыдырбаев қола медаль алған еді. Ал Өміртай 85 келіге дейінгі категорияда медаль ала алмаған.

Еске салайық, осыған дейін ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы допингке байланысты Рио-де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының екі лицензиясынан айырылғаны хабарланған еді. Мұндай шешім Халықаралық ауыр атлетика федерациясының Тбилисидегі конгресінің аясында атқарушы комитеттің отырысында қабылданыпты. Сонымен қатар, 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының антидопинг заңнамасын үш немесе одан да көп рет бұзған спортшылары бар елдерді бір жылға дисквалификациялау туралы шешім қабылданды. 

"Қазақстандық ауыратлеттер И.Ильиннің, С.Подобедованың, М.Манезаның, З.Чиншанлоның жағымсыз допинг-сынамалары бар, алайда оларға тағылып отырған айып бүгінде дәлелденген жоқ және Қазақстан құрамасы жастар арасында Тбилисиде басталған әлем чемпионатына қатысуға рұқсат алды", - делінген ҚАФ хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети