17 тамыз 2017 11:18

Қарсыласын "қорқынышты" нокаутпен жеңген файтер өз тойында M-1 Global келісімшартына қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соңғы қарсыласын "қорқынышты" нокаутпен жеңген қазақстандық файтер Арман Әшімов өз тойында M-1 Global компаниясының келісімшартына қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ММА Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Соңғы қарсыласын "қорқынышты" нокаутпен жеңген қазақстандық файтер Арман Әшімов өз тойында M-1 Global компаниясының келісімшартына қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ММА Федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әшімов 16 тамызда Алматыда дүркіретіп үйлену тойын өткізіпті. Салтанатты шарада Қазақстанның ММА Федерациясының өкілдері болыпты, олар жастарға М-1 Global промоутерлік компаниясының келісімшартын табыстапты. 

Ұсынылған құжатқа Арман Әшімов өз тойында қол қойып берген. Екі жылдық келісімшарттың шарты бойынша, Арман биыл кем дегенде үш жекпе-жек өткізеді. Оның үстіне, Әшімов алдағы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, чемпион титулына үміткер болады екен. 


Қазақстанның ММА Федерациясының өкілдері жолдаған сурет

Еске салайық, 22 шілдеде қазақстандық файтер Арман Әшімов M-1 Challenge 81 "Битва в горах 6" кәсіби турниріндегі дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Турнир Ингушетияның Таргим қаласында өтті, мұнда Әшімов жеңіліп көрмеген дағыстандық Гаджимурат Алиевті екінші раундта нокаутқа түсірді. Бірінші раунд бойынша қазақстандық қарсыласына партерге өтуге мүмкіндік бермей, басымдығын танытқан. Ал екінші раундтың басында Әлиев шабуыл жасамақ болды, Арман осы кезде оң жұдырығын қарсыласын дарыта білді. 

Өз кезегінде комментатор қазақстандық файтердің бұл соққысына "адамшошырлық" деп баға берді. "Қарсыластың соққы жасау техникасының ақсап тұрған жерін байқадым да, сол қателікті өз пайдама асырдым. Бапкерім Нұрлан Мамырәлиевтің кеңестері жақсы көмектесті. Жекпе-жек алдында ол маған бұл кездесуде 10 соққы ішінде аяқтау туралы тапсырма берді. Мен оны орындадым", - деді Арман Әшімов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети