29 қараша 2015 09:29

Қазақстан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында үшінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы америкалық Хьюстонда өткен әлем чемпионатында медальдар бойынша жалпыкомандалық есепте 3-орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық спортшылар өткен біріншілікте бес медаль жеңіп алды. 


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы америкалық Хьюстонда өткен әлем чемпионатында медальдар бойынша жалпыкомандалық есепте 3-орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық спортшылар өткен біріншілікте бес медаль жеңіп алды. 

Олардың ішінде - екі алтын, екі күміс және бір қола медаль. Үздік нәтиже Ресей командасында (үш алтын, үш күміс және үш қола) және Қытай командасында (алты алтын және үш күміс).

Алтын медальді Қазақстаннан Александр Зайчиков пен Нижат Рахимов алды. Алмас Өтешов 94 келіге дейінгі салмақта күміс медаль, ал осы салмақтағы Жасұлан Қыдырбаев қола жүлде алды. Әйелдер арасында жалғыз медальді Жазира Жаппарқұл алды, ол 69 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. 

Айта кетейік, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин қазылардың қазақстандық спортшыларға қатысты шешімдеріне көңілі толмаған. Оның пікірінше, қазақстандық спортшылардың штанганы ережеге сай көтеруін төрешілер санамай тастаған және командаға жағымсыз қысым көрсеткен. Қазақстанның ауыр атлетикадан ерлер құрамасының бапкері Ержас Болтаев та АҚШ-та өткен әлем чемпионатында ұлттық команданың төрешілерден қысым көріп отырғанын мәлімдеген еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети