04 қазан 2014 12:37

Қазақстан каратэшісі Халид Халидов Инчхондағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халид Халидов. Сурет kazkarate.net сайтынан алынды Халид Халидов. Сурет kazkarate.net сайтынан алынды

Қазақстан каратэшісі Халид Халидов Инчхондағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстан каратэшісі Халид Халидов Инчхондағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Vesti.kz.

84 келі салмақта Халидов Түрікменстанның Айбек Юлдашевымен жекпе-жекке шыққан. Қазақстан құрамасының көшбасшысы және әлемнің екі дүркін чемпионы оны үлкен басымдықпен оңай жеңді. Есеп - 8:0. Жекпе-жек небары жарты минутты қамтыған.

Үшінші орын үшін бақталастық жолында қазақстандық Вай Кит Лоуды да (Макао) жеңді, алайда ол жартылай финалда Кувейттен келген Алмутаир Рашидқа жол беріп қойды.

Еске сала кетелік, Инчхондағы Азия ойындарында қазақстандық құрама тарихта алғаш рет алтын жүлделері бойынша ең жақсы көрсеткішті игерді. Жарыстың соңғы күнінен бір күн бұрын ең жақсы ойындар көрсетіліп, бұл жетістігіміз Қазақстанға мерзімінен бұрын төртінші орынға кепілдік берді. Қазақстан жүлде қорына алты алтын медельды боксерлер әкелді.

Азия ойындарындағы медаль бойынша есепті мына арадан көре аласыздар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети