08 ақпан 2014 14:40

Қазақстан құрамасы еркін күрестен Иранда екінші орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даулет Ниязбеков. Фотоны Kazakhstan Wrestling Online тобы ұсынды Даулет Ниязбеков. Фотоны Kazakhstan Wrestling Online тобы ұсынды

Қазақстан құрамасы еркін күрестен Иранда екінші орын алды деп хабарлайды Vesti.kz. Ирандағы Takhti Cup турнирінде еркін күрес тәсілімен белдесуде қазақстандық Дәулет Ниязбеков командасының алғашқы "алтынын" қанжығаға байлады. Негізінен, 61 келі салмақ бойынша Ниязбековке шақ келетін ешкім болмаған, ол соңғы белдесуде украиндық Василий Федоршинді жер иіскетті. 125 келіге дейінгі ең ауыр салмақта тағы бір жерлесіміз Дәулет Шабанбай ақтық сынға ілінді. Бірақ соңғы шешуші сәтте ол Иран балуаны Парвиз Хадиге жол беріп қойды. Еске сала кетелік, Ирандағы жарыстың алғашқы күні қазақстандықтар екі медаль олжалаған еді - Расул Қалиев күміс жүлдені, Цотне Барамидзе мен Дәурен Жұмағалиев - қоланы. Жалпы командалық есепте тек Иран командасына жол берген Қазақстан құрамасы екінші орын алды. Кеңірек мәліметті vesti.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.93   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети