18 ақпан 2016 13:14

Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарына арналған киімі таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Астанада Қазақстан құрамасының Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына арналған киімі таныстырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Астанада Қазақстан құрамасының Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына арналған киімі таныстырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


© Vesti.kz

"Біз 20 жылдан бері киім тігумен айналысып келеміз. Сочи олимпиадасы, Универсиадалар - біздің коллекциямыз, - деді өндіруші компанияның директоры Елена Свечникова. - Матасына келсек, әр өнімнің өз өндіруші елі бар - Тайван мен Түркия. Олар спорт саласындағы шикізат өндіруге маманданған. Біз стреч материалын қолданамыз. Жейделерге ауа өткізетін матаны қолдандық. Ауа өтетін арнайы тесіктері бар. Құнының қанша екенін айта алмаймын - мәлімет ашық".

Айта кетейік, модельдермен жұмыс бойынша арнайы комиссия құрылып, оған Олимпиада чемпиондары кірді. Жеңілатлет Ольга Шишигина спорт киіміне сын айтпады, бірақ сын шеруге киіп шығатын нұсқасына айтылды - оның айтуынша, олар ұсынған идеяларды өндірушілер іске асыра алмаған, сондықтан әйелдерге арналған жейдеше мен белдемшені жетілдіру керек деп кеңес айтты. Шеруге арналған форманың концепциясын компания жетекшісі айтып берді. 


© Vesti.kz

"Біз ұлттық байрақтың мотивін түстер реңкіне қолданбадық. Біз басқаша істейміз. Түсі көк және ашық. Олар жақсы үйлеседі. Шалбар ақшыл сары. Аяқ киімді таңдадық. Материалы - лавсаны бар жүн. Қолайлы болуы үшін арнайы солай жасадық, - деді "Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы" компаниясының директоры Айбек Бектұрғанов. - Сынға келер болсақ, мен бір мәселені түсіндім, он адам, он пікір. Бірінші нұсқасы ретінде олар көйлекті таңдады, енді оларға ұнамай қалды... Екіншісі жақсырақ екен. Қазір енді өзгертеміз". 


© Vesti.kz

Айта кетейік, Рио-де-Жанейрода жазғы Олимпиада ойындары 2016 жылдың 5-21 тамызы аралығында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети