28 наурыз 2014 17:25

Қазақстанда таэквондодан "Әлемдік Гран-При сериясы" өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©primamedia.ru ©primamedia.ru

2014 жылдың тамызында Қазақстанның астанасы Астана қаласында таэквондодан "Әлемдік Гран-При сериясы"  өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан таэквондо федерациясына сілтеме жасап.


2014 жылдың тамызында Қазақстанның астанасы Астана қаласында таэквондодан "Әлемдік Гран-При сериясы"  өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан таэквондо федерациясына сілтеме жасап.

2013 жылы Халықаралық таэквондо федерациясы (WTF)  "Әлемдік Гран-При сериясы" деп аталатын жаңа турнирдің тұсауын кескен болатын. Бұл турнирге әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған спортшылар қатысады.

Қазақстан таэквондо федерациясы өткен жылы бұл дүбірлі доданы елімізде өткізу туралы ұсыныстарын білдірген еді. 2014 жылдың 25 наурызында Қытайлық Тайпейде өткен Халықаралық таэквондо федерациясының (WTF) ассамблеясында ұйым мүшелері бұл ұсынысты қарастырып, нәтижесінде "Әлемдік Гран-При сериясының" екінші кезеңін елордамыз Астанада қаласында өткізу туралы шешімге келген.

"Қазақстан спорт әлемінде тек алға жылжып келеді. Бұған дәлел ретінде Халықаралық таэквондо федерациясының "Әлемдік Гран-При сериясының" екінші кезеңін Астанада өткізуге рұқсат бергенін айтуға да болады. Қазақстан таэквондо федерациясы ұйым мүшелерінің бізге сенім артқаны үшін алғысымызды айтымыз және тамыз айында өтетін турнирді жоғарғы дейгейде өткізетін боламыз", - дейді Қазақстан таэквондо федерациясының президенті  Вячеслав Ким

Айта кетейік, Қытайлық Тайпейде өткен ассамблеяға әлемнің 100-ден астам федерацияларының өкілдері қатысқан. Жиын барысында  "Әлемдік Гран-При сериясы" кезеңін өткізуден өзге, алдағы уақытта бүкіл әлемде таэквондо спортын дамыту мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пара-таэквондо спортына көңіл бөлу туралы мәселелер де қарастырылған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети