29 тамыз 2014 13:32

Қазақстандық жетім балалар "Милан" жаттығуын көріп қайтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

№1 балалар үйінің футбол командасы Миланда. Сурет "Бауыржан" қайырымдылық қорының Facebook-тегі парақшасынан алынды №1 балалар үйінің футбол командасы Миланда. Сурет "Бауыржан" қайырымдылық қорының Facebook-тегі парақшасынан алынды

Алматы облысындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері "Милан" футбол клубының академиясына барып, клубтың бас бапкері Филиппо Индзагимен және команда ойыншыларымен кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Алматы облысындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері "Милан" футбол клубының академиясына барып, клубтың бас бапкері Филиппо Индзагимен және команда ойыншыларымен кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық жетім балалар Кейсуке Хонда, Салли Мунтари және өзге де футболшылармен әңгімелесті. Сондай-ақ олар клубтың жаттығуын тамашалап, атақты  "Сан-Сиро" стадионына барды, Милан қаласының ең әдемі жерлерін аралады. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске салайық, 2014 жылдың шілде айында Италияға барған алматылық жетім балалар бүкіл Қазақстанның балалар үйлері арасында өтетін "Арманға қол созу" футбол турнирін жеңіп алды. Бұл турнирге Қазақстанның барлық аймағынан 20 команда қатысты. Турнидің финалдық кезеңінде әр аймақтан үздік шыққан сегіз команда бақ сынады. Алматы командасының капитаны Данил Югайдың айтуына қарағанда, турнирдің алдында оның командасы тан атқаннан кеш батқанға дейін жаттыққан екен. "Біз барлығымыз өз мақсатымыз үшін тек алға жылжып отырдық. Қиын болса да біз бұл турнирді жеңіп алатынымызға сенімді болдық. Біздің команда Кака, Балотелли сынды ойыншылармен кездесуге мүмкіндік алғанына қуаныштымын", - дейді Югай

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети