23 наурыз 2014 11:22

Қазақстандық спортшы атақты Джефф Монсонды нокаутқа жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джефф Монсон. Фото prosportkz.kz  сайтынан алынды Джефф Монсон. Фото prosportkz.kz сайтынан алынды

Alash Pride командасының мүшесі, қазақстандық жуанжұдырық Шахмарал Жетпісбаев америкалық белгілі спортшы Джефф Монсонды Diamond Fight-Дружба турнирі аясында өткен жеке-жек кезінде нокаутқа жіберді. Турнир наурыздың 22-і күні Алматыда өткен болатын. Бұл туралы Vesti.kz. хабарлады. Негізінен бұл екі спортшы 90 килограммнан жоғары салмақта төбелесетіндер қатарынан. Бұл жекпе-жектің әр қайсысы 5 минуттан екі раундқа созылуы керек болған. Алайда ол уақыт кімнің жеңіске жететінін анықтауға жеткіліксіз болды. Сол себепті, кімнің мықты екенін анықтау үшін ІІІ раунд басталғаны сол-ақ екен Шахмарал қарсыласын нокаутқа жіберді. Жетпісбаев үшін бұл осы кезге дейін өткізген 5 жекпе-жегінің 3-жеңісі болатын. Турнирдегі басқа жекпе-жектер туралы мына жерден оқыңыз. Джефф Монсон – тәжірибелі, әрі атақты спортшы. Биыл ол 43 жасқа толып отыр. Ол өз өмірінде аралас жекпе-жектің майын ішкен, есімі әлемге әйгілі Чак Лидделл, Форрест Гриффин, Тим Сильвия, Педро Риззо, Джош Барнетт, Рой Нельсон, Сергей Харитонов, ағайынды Емельяненко және басқа да атақты спортшылармен жекпе-жек өткізген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети