27 наурыз 2022 21:02

Қазақстандық спортшы велоспорттан Азия чемпионатында жеңіске жетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: olympic.kz Фото: olympic.kz

Қазақстандық Рината Сұлтанова Тәжікстанда өткен шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық Рината Сұлтанова Тәжікстанда өткен шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Сұлтанова жекелеген жарыста үздік атанды. Велошабандоз 24 шақырым қашықтықты 33 минут 24,632 секундта еңсеріп, әйелдер арасындағы элиталық санаттағы үздік уақытта келді.

Екінші орынды индонезиялық Делиа Приатна (+34,643) еншіледі. Қола медаль моңғол спортшысы Солонго Цэрэнлхамға бұйырды (+01:39.450).

Осылайша Рината Сұлтанова шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ шабандозы атанып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.72   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети