14 қараша 2014 22:26

Қазақстандық зілтеміршілер әлем чемпионатының "алтыны" мен "күмісін" қатар алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©almaty2014iwf.com ©almaty2014iwf.com

Алматыда ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында екі бірдей қазақстандық жүлде алды. Ерлер арасында 94 келіге дейінгі салмақта Жасұлан Қыдырбаев алтын медаль алса, күміс медальді Владимир Седов қанжығасына байлады, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.

Седов жұлқа көтеруде 188 келіні еңсеріп, жеңімпаз атанды. Ол грек зілтеміршісі Акакиосу Какиашвилисудың әлем рекордын қайталады. Қыдырбаев бұл жаттығуда 179 келіні көтеріп, үшінші орын алды.    

Седов серпе көтеруде үшінші мүмкіндігінде 219 келі салмақ нәтижесін көрсетіп, жалпы есепте 407 келі жинады. Қыдырбаев болса үшінші мүмкіндікте күтпеген нәтиже көрсетті - 229 келіні еңсерді. Сөйтіп, екі жаттығу қорытындысы бойынша әлем чемпионы атанды. 

Айта кетейік, 22 жастағы Жасұлан Қыдырбаев ересектер арасындағы әлем чемпионатына тұңғыш рет шығып отыр, ал 26 жастағы Владимир Седов - әлем чемпионатының 2009 жылғы чемпионы.

Мұның алдында әлем чемпионатының күміс және қола медальдерін қазақстандық зілтемірші Жазира Жаппарқұл жеңіп алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети