"Қазақтардың кім екенін көрсетемін". Дамир Исмағұлов UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Советский спорт © Советский спорт

Жеңіл салмақта аралас жекпе-жек файтері, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жеңіл салмақта аралас жекпе-жек файтері, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымымен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Құрметті достар, бауырлар, әлемдегі ең беделді UFC ұйымымен келісімшартқа отырғаным жайлы қуанышпен хабарлаймын. Менің бірінші жекпе-жегім таяу уақытта өтеді. Менің қарсыласы мықты спортшы, ол ММА тарихындағы ең мықтыларды жеңген. Бұл жоғарғы лигаға өту үшін жақсы мүмкіндік әрі қазақтардың кім екенін көрсету қажет! Менеджерлерімен атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіргім келеді", - дейді Исмағұлов Instagram желісіндегі парақшасында. 

Исмағұловтың бірінші қарсыласы туралы және жекпе-жектің қашан өтетіні жайлы таяу уақытта белгілі болады. 

27 жастағы спортшы барлық жарыста Ресей атынан жұдырықтасады.

Исмағұлов М-1 аясында жұдырықтасып, 18 жекпе-жектің он алтысында жеңіске жеткен. Оның тоғызын нокаутпен жеңген. Соңғы рет ол 15 маусымда Орынборда жұдырықтасты. Алғашқы раундтың төртінші минутында белорус Артем Дамковский қарсыласы Исмағұловқа шабуылдап, қолын сындырып алады да, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Осылайша, Исмағұлов жеңіл салмақта М-1 чемпиондығын қорғап қалды.

Айта кетейік, Исмағұлов UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ емес. Мұның алдында Қытайда өскен Жұмабек Тұрсын осы ұйыммен келісім жасасқан еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.21  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro