28 ақпан 2014 17:00

"Көк-Жайлау" тылсым табиғатпен табысу орталығына айналмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет k-zh.kz сайтынан Сурет k-zh.kz сайтынан

Бүгін "Шымбұлақта" "Көк-Жайлау" тау-шаңғысы курортына қатысты баспасөз жиыны өтті. Онда журналистер болашақ тау-шаңғысы курортының жобасымен танысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Көк-Жайлау" тау-шаңғысы курортының директоры Александр Гужавин жоба-жоспарлары жайлы жан-жақты баяндап берді. Ол Алатау бөктеріндегі осы бірі тамаша жер теліміне тау-шаңғысы курортын салу қолға алынғалы бері қарсы болып, сын айтушылардың біршама болғандығын да тілге тиек етті. Бірақ әлемде заман ағымы мен уақыт талабына сай туризм арқылы ел қазынасына қаржы құю үрдісі де бар. Ал тау шаңғысы бизнесінен түсетін қаржы суға түсіп, күнге қыздырынуға болатын жағажай курорттарының табыстарынан бірнеше есе артық көрінеді. Осы ретте "Көк-Жайлау" тау-шаңғысы курортын Қазақстан табиғатымен және мәдениетімен жақынырақ танысуға болатын орталыққа айналдыру көзделіп отырғандығы мәлімденді. Жобаны жүзеге асыру үшін көптеген шетелдік компаниялар мен архитекторлардың пікірі мен ұсыныстары қаралған. Солардың ішінде Сингапурдың ECO İD деген компаниясының ұсыныс-жоспары ұнаған. Солар біздің болмысымызға, менталитетімізге келетін, өзгеше жоба ұсынған екен. Әрі "Көк-Жайлауды" ғана емес, "Медеу" мен "Шымбұлақты" да тау туризмінің теңдессіз орталығына айналдыру қарастырылып отырғандығы да әңгімеге арқау болды. Сондықтан "Медеу" мен "Шымбұлақ" та қайта өңделіп, ауқымды жоба жүзеге асырылмақ. Бұл тұрғыда Алматы қаласының бойтұмарына арналған "Барыс" бейнесі жаңа дизайнда айрықша рөл атқармақ. Тіпті "Медеуге" баратын тас жолда "Барыстың", яғни сирек кездесетін осы бір тағы аңның ізі сайрап жататындай. Ал жолдың екі шеті өзгеше реңге еніп, жаңаша түрлендірілмек. Жалпы, бұл ретте "Қар барысы елі" концепциясы жүзеге асырылмақ көрінеді. Бұл тұрғыда Швейцарияның "Штайнер" компаниясы туризм саласындағы өздерінің мол тәжірибелерімен бөлісіп отырғандығы да айтылды. "Көк-Жайлау" тау-шаңғысы курорты қысы-жазы үздіксіз жұмыс істеп, Онда бала-шағамен демалуға болатындай жағдайлар жасалып, бәрі де ескерілмек.Ол жерде тегіс алаңдар көп болғандықтан, шаңғы тебуді жаңадан үйреніп жүргендер мен үйренгісі келетіндер үшін де қолайлы болатындай. Жалпы, мұнда шаңғы тебуге болатын жолақтар көп және әр түрлі деңгейде болмақ. "Көк-Жайлау" тау-шаңғысы курорты басшысының айтқандарының бәрін жіпке тізіп шығудан аулақпыз. Тек қолға алған жобаларының басты бағыттарына ат-үсті тоқталып отырмыз. Айтпақшы, ақбас Алатаудың бір биігінің төсіне салынатын мейрамхананың алдында қаланы төбесінен тамашалауға болатын алаңы бар екен. Жобада сол мейрамхананың қабырғасы қазақтың оюымен өріліпті. "Көк-Жайлаудағы" қалашықтағы кейбір ғимараттар біздің бұрынғы тарихымыздан сыр шертетін жәдігер іспетті болмақ көрінеді. Бізге осы жағы ұнады. Әйтеуір бәрінен де қазақтың тарихы, шежіресі, "иісі" аңқып тұрса дейміз ... Тұздық: Негізі, туризмде жетістіктің қайнар көзі қонақ күтіп, оны сыйлау ғой. Ұмыта алмастай әсерде қалдыру емес пе?! Ал қонағын сыйлаудан қазаққа жетер ешбір ұлт жоқ шығар. Көңіл бөліп, қолға алсақ, дөңгелетіп әкетер едік. Бірақ біз қонағымыздан пайда көруді көксемейтін халықпыз ғой. Әйтпесе туризм бізге сөз болып па тәйірі...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети