23 сәуір 2014 20:03

Мақсұт Жұмаев Ресей мен АҚШ-тың ең биік шыңдарын бағындырмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсұт Жұмаев. ©National Geographic/Darek Zalucki Мақсұт Жұмаев. ©National Geographic/Darek Zalucki

"Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Ресей мен АҚШ-тың ең биік шыңдарын бағындыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.


"Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Ресей мен АҚШ-тың ең биік шыңдарын бағындыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

Өзінің Ресейдің ең биік шыңы - Эльбрусқа (теңіз деңгейінен 5642 метр биікте) өрлеуін спортшы 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні бастамақ. Еуропа мен Азия шекарасы бір мәнді болмағандықтан Эльбрусты еуропалық биік шың деп те атайды. Онан соң спортшы Эльбруста өтетін тауға жүгіру бойынша халықаралық жарысқа қатысады, сонымен қатар ски-альпинизм (тау шаңғысы мен альпинизм бірлескен спорт түрі) бойынша сайысқа түседі.

Жұмаевпен бірге Эльбруске белгілі альпинист Василий Пивцов бірге көтеріледі. Бұған дейін 14 сегізмыңдықты бағындырған атақты жұптың жоспары бойынша, өрлеуге бес күн уақыт кетеді.

Десе де, бұл ауа райымен байланысты, өйткені Эльбрус өзінің климаттық тұрақсыздығымен даңқты. Сондай-ақ, спортшыларға вулканды жаратылыстармен бетпе-бет келуге тура келеді. "Бұл таудың қиындығын ескермеуге болмайды. Әйтсе де, біз бұл тауға өрлеп, Эльбрус шыңына универсиадның туын тігеміз. Өрлеуді Қазақстанның қарулы күштері күніне және Жеңіс күніне арнаймыз. Себебі біз де ОӘСК-ның әскери альпинистеріміз" - дейді Жұмаев. Бұл оның Эльбрусқа екінші рет өрлеуі және осы жолы шаңғымен көтерілмек. Ал, Пивцовтың бұл шыңға бірінші көтерілуі.

Біраз демалыстан соң Жұмаев Аляскаға барып, Солтүстік Америкадағы Мак-Кинли шыңына (оны Денали деп те атайды) соло-өрлеу (серіксіз, жеке өзі) жасамақ. "Менің мақсатым - 14 сегізмыңдыққа кислородсыз шығып, әлемдегі жеті биіктікті бағындыру, сондай-ақ Оңтүстік және Солтүстік полюсті шаңғымен жүріп өту" - дейді альпинист.

Ол өрлеуді маусым айының басына жоспарлап отыр және шаңғымен көтерілмек. Оның есебінше, жорық оның бір ай уақытын алады. Жұмаев үнемі спутник арқылы штабпен байланысты болады. Сондай-ақ, мүмкіндігінше, фотосуреттер мен бейне жазбаларды жіберіп отырады. Tengrinews.kz қазақстандық спортшының өрлеуін нақты уақыт режимінде беріп отыратын болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети