14 желтоқсан 2014 12:37

Могулшы Юлия Галышева Әлем кубогының жеңімпазы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юлия Галышева. ©Роза Есенқұлова Юлия Галышева. ©Роза Есенқұлова

Фристайлдың могул түрінен сынға түсетін қазақстандық спортшы қыз Юлия Галышева Финляндияның Рука қаласында өткен Әлем кубогының төртінші кезеңінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Фристайлдың могул түрінен сынға түсетін қазақстандық спортшы қыз Юлия Галышева Финляндияның Рука қаласында өткен Әлем кубогының төртінші кезеңінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем кубогының төртінші кезеңіндегі жартылай финалда Юлия Галышеваның қарсыластары Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері америкалық Ханна Кирни болған еді. Дегенмен тартысты өткен бұл бәсекеде Галышева қарсыласын артқа тастап, финалдық кезеңге шықты. 

Финалдық кезеңде отандасымыздың қарсыласы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері канадалық Хлоя Дюфур-Лапуант болды. Бұл кезеңде де Галышева білгенінен жаңылмай, Әлем кубогының төртінші кезең жеңімпазы атанды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске салайық, Юлия Галышева Сочиде өткен Олимпиада ойындарының жекелей сынында төрешілердің түсініксіз шешімі бойынша жетінші орын алып, финалдық кезеңге шыға алмаған болатын. Кейіннен ол тіпті спортты аяқтаймын деген еді. Алайда жазда Юлия бұл шешімін өзгертіп, спортқа қайта келді. Айта кетейік, Рука қаласында өткен әлем кубогының кезеңі қазақстандық спортшы үшін биылғы маусымның бірінші ірі жарысы. Енді ол Әлем кубогының бесінші кезеңіне дайындалып жатыр.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети