03 сәуір 2014 12:25

Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы атап өтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұстафа Өзтүрік. Сурет: alaman.kz Мұстафа Өзтүрік. Сурет: alaman.kz

11 сәуір күні Астана қаласындағы Назарбаев орталығында әлемге әйгілі спорт шебері, елімізде таэквондо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы қарсаңында «Қазақстан-Түркия достық кеші» атты концерт болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


11 сәуір күні Астана қаласындағы Назарбаев орталығында әлемге әйгілі спорт шебері, елімізде таэквондо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы қарсаңында «Қазақстан-Түркия достық кеші» атты концерт болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнер кеші Астана қаласы мемлекеттік филармониясының Қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. "Бұл күні Қазақ елі мен Түркияның достығын көрсететін, шетелдегі қазақтардың өнерін атажұртында паш ететін тамаша концерт болады. Кеште Қазақстанда орындалмаған жаңа туындылар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ. Оның ішінде Міржақып Дулатовтың күйі «Әуез», Мұстафа Өзтүріктің сөзіне жазылған Ғани Макиннің «Жұлдыздарды тілейсің бе?» атты әні және тағы басқа күйлер бар", - дейді дирижер, мәдениет қайраткері, сазгер Нұрлан Бекенов.

Шараға қонақ ретінде Астана қаласындағы Жүніс Әміре Түрік мәдени орталығының төрағасы Ибрахим Йылдырым, Түркиядағы қазақ қоғамының жетекшісі Фазыл Топлы, Түркиядағы қазақ қоғамының мәдениет бөлімінің меңгерушісі Бешір Ахмет Көсе, сондай-ақ өнер иелері Седат Солақұлы, Ержан Тұнжер қатысады. 

Сонымен қатар отандастарымыздан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, домбырашы Орынбай Дүйсен, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Раушан Мұсақожаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлзира Бөкейхан, Нұрай Танабаев, Зағипа Иманғазы, Күнсұлу Тұрлыбекова, Самат Жексенбаев көрермендерге ән мен күйден шашу шашады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети