21 ақпан 2014 16:10

Мутко неге Қазақстанды қолдамайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей спорты министрі В.Мутко, Фото: Жігер Әбенов Ресей спорты министрі В.Мутко, Фото: Жігер Әбенов

Бүгін Сочидегі Баспасөз орталығында Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко журналистермен кездесті. Оған Қазақстан журналистері де барып, көкейдегі сұрағымызды көлденең тарттық. Өздеріңіз білесіздер, В.Мутко 2022 қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге ниет білдіріп отырған елдердің ішінде Қазақстанды емес, Қытайды қолдайтындығын білдірген. Осы мәселе жөніндегі сауалымызға ол былай деп жауап берді: – Әрине, Қазақстан біздің спорт саласындағы серіктесіміз. Біз Қазақстанды қолдауға әзірміз. Бірақ сіздер нақты бір шешімге келіңіздер. Олимпиаданы өткізу үшін күресесіздер ме, жоқ па? Бір жағына шығыңыздар. Содан соң біз де бір жағына шығамыз... Ал Қытайды қолдайтындығымызға келер болсақ, олар бізді Сочи Олимпиадасына дайындалғаннан бері қолдап келеді. Әзірлік жұмыстары барысында да көп көмектесті. Сенімді серігіміз болды. Тіпті Қытай спорты басшылары Сочи Олимпиадасы басталмай, ерте келді. Өздеріндегі жаңа жылдық мерекеге қарамай, бізбен бірге болды...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети