06 наурыз 2015 19:38

Назарбаев Сабина Алтынбековаға ерлердің мақтауына сенбеуді ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ақорданың баспасөз қызметі ©Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 6 наурызда Ақордада қыз-келіншектермен кездесуінде волейболшы Сабина Алтынбековамен әңгімелесті, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 6 наурызда Ақордада қыз-келіншектермен кездесуінде волейболшы Сабина Алтынбековамен әңгімелесті, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Бәріңіз естідіңіздер ме, ол таңғалдырды ғой. Ол ойыннан гөрі өзін көрсете білді. Ең әдемі волейболшы. Ойнап жүрсің бе қазір, әлде қойдың ба?", - деп сұрады Мемлекет басшысы. Оған Алтынбекова "Иә, Қазақстанның жастар құрамасында ойнап жүрмін" деп жауап берді. 

"Сен жолыңнан тайма. Ер адамдар кейде мақтап отырып, өтірік айтады. Өз-өзіңе сен, сонда бәрі жақсы болады. Жақсы спорт. Бар болғаны 18 жаста танымал болды, БАҚ оны чемпионаттың ең әдемі волейболшысы деп атады. Онда қаншасыншы орын алдыңдар?", - деді Назарбаев. "15 команданың ішінде алтыншы", - деп жауап берді волейболшы. 

"Бұл маңызды емес, бастысы - сені мойындады", - деді Президент.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының еліміздің қыз-келіншектеріне бірнеше кеңес бергені хабарланған еді. Президент әйелдердің қоғамның моральдық негізін сақтаудағы ролінің ерекше екенін айтты. "Әрине, мені жастар арасында байқалатын кейбір сәттер алаңдатады. Ажырасулар, басқа да жағдайлар аз емес. Мұндай жайттар қашанда болған, бірақ қазір мінез-құлық еркін бола бастады. Соған қарамастан, мемлекеттің моральдық негізі сіздерге байланысты. Егер әйел адам көшеде басын тік көтеріп, ешкімге қарамай жүрсе, оған ешкім де жақындамайды. Ал егер ол жан-жағына көзін сүзетін болса, оған бәрі жабыса бастайды", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети