11 тамыз 2016 10:20

Нижат Рахимов марапаттау сәтінде көзіне жас алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нижат Рахимов © АҒР Нижат Рахимов © АҒР

Қазақстандық ауыратлет Нижат Рахимов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада-2016 ойындарының марапаттауы кезінде көз жасына ерік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық ауыратлет Нижат Рахимов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада-2016 ойындарының марапаттауы кезінде көз жасына ерік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рахимов 77 келі салмаққа дейінгі жарыста бірінші орын алып, рекорд жаңартты. "Мен әзірге Олимпиада чемпионы өзін қалай сезіну керектігін білмеймін. "Мен кішкентай кезімнен бастаған осы күнге дейін жеткен жолымды еске түсіріп, жыладым. Қалай жаттыққанымды, қалай жұмыс жасағанымды. Мен мұны сөзбен жеткізе алмаймын. Сондықтан жыладым, өзімді тоқтата алмадым", - деді Рахимов басылымға берген сұхбатында.


Қазақстан телеарнасынан кадр

Зілтемірші барлық өзін қолдаған жандарға рахмет айтты. Ол өзін теледидардан тамашалап отырған жанкүйерлеріне алғыс білдірді. "Атырау облысына мені қолдағаны үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Энвери Туркелери - өз әкеме алғысым шексіз! Александр Геннадьевич және Виктор Геннадьевичтерге! Бұл менің ғана еңбегім емес. Бірінші - ол Алла, сосын олар. Олар маған әрдайым көмек көрсетті. Еліме рақмет, мені қолдаған. Мені теледидардан көріп қолдағандарын білемін. Барлығына алғысым шексіз!" - деді ол.

Еске салайық, Нижат Рахимов екі жаттығудың қорытындысы бойынша 379 келі нәтижемен Олимпиада чемпионы атанды. Ал серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети