01 сәуір 2016 09:44

Ол Юдзурю Ханюді соққан жоқ - Денис Теннің бапкері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Getty Images © Getty Images

Бостнда мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатынан дау шықты. Жапон БАҚ-тары Денис Тен мен Юдзурю Ханю жайлы жазып жатыр. Тілшілердің мәліметінше, мәнерлеп сырғанаушылар соқтығысып қалып, енді Жапонияның мәнерлеп сырғанау федерациясы Конькишілердің халықаралық одағына Денис Тенге ескерту жасауды талап етіп, ресми шағым түсірген. Vesti.kz редакциясы Теннің бапкері Фрэнк Кэрроллдан түсінік алды.

Кэрролл спорт сайтына берген сұхбатында бұл оқиғаның 29 наурызда SteritiMemorialRink қосымша аренасында болғанын, яғни жарыс күнінде болмағанын хабарлады. "Мұз айдынында алты адам музыкаға билеп, жаттығып жүрген, жаттығу аяқталуға жақын еді, барлығы бортқа жақындады. Денис мұз айдынының ортасында болып, секіріп, жаттығып жатты. Ал соқтығыс болған жоқ. Ханю Дениске қарай жүріп келіп, секіргісі келді, сол кезде Денис айналып жатқан. Ол жақта соқтығыс болған жоқ", - деп мәлімдеді қазақстандықтың бапкері. 

Бапкердің айтуынша, Денис мұз айдынының ортасында айналып тұрған кезде жапон спортшысы оған қарай өзі жақындаған. "Сөйтіп, ол жақындап келіп, оған бірдеңе деп жапонша айғайлап, қозғалысын жалғастырып кетті, сөйтіп, аксель секіретін кезде өзі құлап қалды", - деді бапкер. 

"Мұнда Денистің де, Ханюдың да кәнісі жоқ. Бұл сондай жағдай болып қалды, мұндай жағдай мұзда жиі болады", - деді ол. Сұхбатты толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети