06 қазан 2016 09:35

Ольга Рыпакова 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы қола медалі үшін сыйақы алмауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© zimbio.com © zimbio.com

Қазақстанда Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне медаль беру мүмкін болмай отыр. Төрт жылдықта өткен ойындардың жүлдегерлеріне медальдарын беру қарастырылмаған болып шықты, - деп хабарлайды Astana.TV.


Қазақстанда Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне медаль беру мүмкін болмай отыр. Төрт жылдықта өткен ойындардың жүлдегерлеріне медальдарын беру қарастырылмаған болып шықты, - деп хабарлайды Astana.TV.

Телеарнаның мәліметінше, осыған дейін отандық тәжірибеде Олимпиада медальдарын бірнеше жыл өткен соң беру деген мәселе болмаған. Бұл туралы құжаттарда да, үкімет қаулысында да көрсетілмеген екен. Әзірше, бұл мәселеге қатысты өзгертулер енгізіле ма, жоқ па белгісіз. Ресми жауап күтіліп отыр.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хатшысы Бақытбек Хамит телеарнаға берген сұхбатында сыйақылардың спортшыларға оларды тек ынталандыру үшін берілетінін айтты. "Басқа мақсаттар болған да емес. Өздеріңіз білетін шығарсыздар, спортшыларға берілетін сыйақылар мен басқа да ақшалай дүниелер спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың көбеюіне ықпал етеді. Міне, басты мақсатымыз осы", - деді Бақытбек Хамит.

Алайда әзірше Ольга Рыпакованың 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындары үшін сыйақы ала ма, жоқ па түсініксіз болып тұр. Телеарнаның мәліметінше, 2008 жылы өткен Олимпиада ойындарындағы хаттама жаңартылды. Ол ойындарда Рыпакова үш рет секіруден қола медальға ие болды. Рыпаковаға медальдің қашан берілетіні жайлы әзірше ресми ақпарат жоқ.

Еске салайық, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында Ольга Рыпакова қола медаль жеңіп, оған көлік пен 50 мың доллар берілген болатын. Облыс басшысы Даниал Ахметов жерлестерінің атынан спортшыларды құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен 50 мың доллар көлемінде сыйақы берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети