12 қаңтар 2016 22:35

Олимпиада-2016-да Қыдырбаев пен Өтешовті алмастыратын адам жоқ - Алексей Ни

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Ни. © Vesti.kz Алексей Ни. © Vesti.kz

Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни допинг дауының салдарынан кейін Олимпиада-2016-да медаль алуға деген мүмкіндіктің қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни допинг дауының салдарынан кейін Олимпиада-2016-да медаль алуға деген мүмкіндіктің қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нидің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының "Б" сынамасын ашпау туралы шешімімен келісуге тура келіп отыр. "Зертхана "А" сынамасында тыйым салынған заттардың бар екендігін анықтады, "Б" сынамасында да растайды. Егер сынаманы басқа зертханада ашса үмітіміз сөнбейтін еді. Олар өз сынамаларын ешкімге бермейді, оған себеп те жоқ. Қазіргі таңда ішкі тексеріс жүргізіліп жатыр, ол аяқталған кезде сәйкес қорытынды жасалып, Халықаралық федерацияға (IWF) жолданады, ол жақта олар өз шешімдерін шығарады", - деді ол.

Сонымен қатар, бас бапкер жарысқа шамамен 16 адамның жолдама алғанын, ал лицензиялар саны алтау ғана екенін айтты. "Бұл салмақ дәрежесінде Олимпиада ойындарында медаль алуға ешқандай да мүмкіндігіміз жоқ. Өтешовті де, Қыдырбаевты да алмастыратын адам жоқ. Олардың теңі жоқ. Басқа категорияларға үміт артамыз. Білуімше, Владимир Седов шықпайды. Онымен байланысымыз үзілген, ол командадан да, құрамадан да кетіп қалған. Өзі дайындалып жүрген, сосын спартакиадада жарақат алды, осыдан кейін тыныштық орнады", - деді маман. 

Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыратлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг қолданды деп айыптап, уақытша шеттеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети