07 қараша 2014 19:14

Олимпиада-2022: Қазақстан мен Қытай ҰОКА ассамблеясында өтініштерін ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстан мен Қытай 2022 жылы болатын қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге Бангкоктағы Ұлттық олимпиада комитеттерінің ассоциациясы (ҰОКА) бас ассамблеясында өтініштерін ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстан мен Қытай 2022 жылы болатын қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге Бангкоктағы Ұлттық олимпиада комитеттерінің ассоциациясы (ҰОКА) бас ассамблеясында өтініштерін ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бангкокта өтіп жатқан ҰОКА бас ассамблеясының жұмыс күні Қазақстан мен Қытай делегацияларының Олимпиада-2022 ойындарын өткізуге үміткер қалалардың мүмкіндіктерін таныстырған рәсімімен аяқталды. 

Айта кетейік, Халықаралық олимпиада комитетінің атқарушы комитеті 2014 жылдың шілде айында Олимпиада-2022 ойындарын қабылдау құқығына үміткер деп Алматы, Осло және Бейжің қалаларын бекіткен еді, бірақ 1 қарашада Норвегия өз өтінішін қайтарып алды. 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарының астанасы 2015 жылы шілде айында таңдалады.    

Бұған дейін Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі қысқы Олимпиада-2022 ойындарын қаржыландыруда аралас үлгіні таңдағаны хабарланған болатын. Ведомство мемлекет дайындыққа алда жұмсалатын шығындардың тек үштен бір бөлігін ғана бөледі деп есептейді. Қалған қаржы демеушілік жасаушылар мен жарнама берушілерден алынады. "Ресей Сочидегі Олимпиаданы өткізуде аралас үлгіні қолданды. Олардың табысы - 10 миллиард доллар болды, Жапония болса 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпида ойындарынан 30 миллиард доллар табыс табабатынын ресми түрде айтты. Біз де қаржыландырудың аралас үлгісін ұстанамыз. Мұндай жағдайда Олимпиада-2022 қажетті деңгейде өтеді", - деп мәлімдеді Қазақстанның Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети