29 мамыр 2014 12:54

Олимпиада-2022: Краков ресми түрде кандидатурасынан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Getty Images ©Getty Images

2022 қысқы Олимпиада ойындарын өткізуде Алматының бас бәсекелестерінің бірі Польшаның Краков қаласы ресми түрде өз кандидатурасынан бас тартты, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.


2022 қысқы Олимпиада ойындарын өткізуде Алматының бас бәсекелестерінің бірі Польшаның Краков қаласы ресми түрде өз кандидатурасынан бас тартты, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.

Жуырда Краков қаласында Олимпиада ойындарын өткізбеу туралы референдум өтіп, дауыс беруге келген қаланың 70 пайыз тұрғындары қарсылық білдірген. Ал, жалпы дауыс беруге Краковтың 36 пайыз тұрғыны қатысқан. "Краков қала тұрғындарының наразылығына байланысты ресми түрде 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткер қалалардың тізімінен шықты", - дейді қаланың мэрі Ячек Мачровски.

Алдағы уақытта қала басшылары бұл шешімді Халықаралық Олимпиада комитетіне жеткізуге дайындалып жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуден Норвегияның Осло қаласы бас тартқан болатын. Осылайша, енді бұл байрақты бәсекені қабылдауға үш үміткер қалды. Олар - Алматы (Қазақстан), Львов (Украина) және Бейжің (Қытай).

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қаланы 2015 жылдың 31 шілдесінде Малайзияның Куала-Лампур қаласында айтады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети