04 қазан 2016 22:10

Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасы сейсенбіде Байтұрсынов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.


Шымкентте Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасы сейсенбіде Байтұрсынов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Жол апатына түскен Hyundai Accent жеңіл көлігінің тізгінінде спортшының әкесі отырған. Ал Жазира жолаушылар отыратын орында болған. Содан көшенің қиылысында Hyundai Accent көлігінің артына жүк көлігі келіп соғысқан. "Көлік қатты соққы алған жоқ, бірақ жаңа көлікпен болған жол-көлік оқиғасы бәрінің берекесін кетірді. Ал спортшының өзінен бұл жағдай жайлы мәлімет алу мүмкін болмады. Ол телефонын сөндіріп қойған", - делінген телеарнаның сюжетінде.

 

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Рио Олимпиадасынан жүлделі оралған Жазира Жаппарқұл мен Галбадрах Отгонцэцэгке көлік сыйлап, пәтер кілттерін табыстады. Ауыр атлетикадан күміс жүлдені иеленген Жазира Жаппарқұлға Toyota Land Cruiser 200 автокөлігі мен екі бөлмелі пәтердің кілті табысталса, дзюдодан қола еншілеген Галбадрах Отгонцэцэгке Toyota Prado мен бір бөлмелі пәтердің кілтін сыйлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети