11 шілде 2014 19:54

Оңтүстік Кореядағы Азиада ойындарына 400-ден астам қазақстандық спортшы барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

XVII жазғы Азиада ойындарының эмблемасы. XVII жазғы Азиада ойындарының эмблемасы.

Оңтүстік Кореядағы Азиада ойындарына 400-ден астам қазақстандық спортшы барады, - деп хабарлайды Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Кореядағы Азиада ойындарына 400-ден астам қазақстандық спортшы барады, - деп хабарлайды Премьер-министрдің сайтына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, Инчхон қаласында (Корея) өтетін  XVII жазғы Азиада ойындарына қатысатын қазақстандық команда спортшылары 39 спорт түрі бойынша бақ сынайды. "Жалпылай алғанда, Қазақстанның атынан 39 спорт түрі бойынша 400-ден астам, тіпті 500-ге дейін спортшы қатыспақ. Алдыңғы жазғы Азиада ойындарында Қазақстанды 36 спорт түрінен 362 спортшы танытып,  адам саны жағынан біздің команда тоғызыншы орынды қамтыған" - дейді Қанағатов.

Оның айтуына қарағанда, XVII Азия ойындарына 45 мемлекеттен 13 мың спортшы мен жаттықтырушылар қатысады деп жоспарланған, осы деңгейге байланысты оны жазғы Олимпиадаға теңеуге де болады. Сондай-ақ аталған шараны насихаттау үшін шартараптан 7 мыңнан астам БАҚ өкілдері келмекші. Бағдарламаға 41 олимпиадалық және олимпиадалыққа жатпайтын тоғыз спорт түрі енген, бәскеге 437 медаль жиынтығы тігілген.

"Күрес аяусыз болады. Біздің міндетіміз - жалпыкомандалық есепте Қазақстан төртінші тұғырдан көріну үшін 15 спорт түрі бойынша 26 алтын медальды ұтып алу" - деп нақтылады Қанағатов Азиада ойындары жайындағы сөзін. Оның сөзіне қарағанда, спорттың негізгі түрлерінен қазақстандық құрама алтыннан үміттеніп отыр. Бұл - ауыр атлетика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэда жүзу.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети