31 желтоқсан 2014 10:17

Орта салмақтағы ешбір боксшы Головкинге қарсы 12 раунд тұра алмайды - бапкер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен Абель Санчес. Фото ВКонтактедегі "Геннадий GGG Головкин" группасынан алынды Геннадий Головкин мен Абель Санчес. Фото ВКонтактедегі "Геннадий GGG Головкин" группасынан алынды

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес орта салмақтағы ешбір боксшы қазақстандық боксшыға қарсы 12 раунд тұра алмайды, деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске сала кетейік, жақында Геннадий Головкин Boxingnews 24 басылымының тұжырымы бойынша жыл боксшысы атанды.

"Орта салмақта ешбір боксшы Головкинге қарсы 12 раунд тұра алмайды. Бұл туралы мен бұрын да айтқанмын", - деді Санчес. Бапкердің айтуынша, мексикалық Сауль Альварес сегіз раунд, ал пуэрторикалық боксшы, WBC белдігінің иегері Мигель Котто қазақстандық боксшымен жекпе-жекте бес раунд та тұра алмайды. Айта кетейік, Головкин жекпе-жектерінің 90 пайызын нокаутпен жеңген және бұл орта салмақтағы категорияның рекорды.  

Еске сала кетейік, Головкиннің келесі жекпе-жегі 2015 жылы 21 ақпанда Монакода өтеді. 32 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы ұлыбританиялық Мартин Мюррей. Боксшылар алдағы кездесулері жайында ресми мәлімдеме жасады. Геннадий Головкин бұған дейін өзіне ең лайықты қарсылас ретінде ұлыбританиялық Мюррейді атаған болатын. "Мюррей - мықты жігіт, жақсы жеңістерге жеткен. Доменико Спада - ауыр қарсылас және жеңіп шығатындай стилі де қарапайым емес. Бірақ Мюррей өз жұмысын істеді және жеңді. Менің ойымша, Мюрреймен кездесу - біз үшін үздік жекпе-жек болады", - деді қазақстандық боксшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети