30 сәуір 2014 17:27

Полторанин Қазақстаннан кетуі туралы сөзіне түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Полторанин. ©РИА Новости Алексей Полторанин. ©РИА Новости

Шаңғышы Алексей Полторанин сұхбаттарының бірінде айтқан Қазақстаннан кету туралы пікіріне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Шаңғышы Алексей Полторанин сұхбаттарының бірінде айтқан Қазақстаннан кету туралы пікіріне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен тек өзімнің Владимир Смирновтың жолымен жүргім келетінін айттым, ол сияқты еуропалық клубта өнер көрсетіп, бірақ Әлем кубогы кезеңдеріне, әлем чемпионаттарына, Олимпиадаларға Қазақстанның атынан қатысқым келетінін айттым", - деген спортшы азаматтықты ауыстыруды ойламағанын баса айтты.

"Мен өз Отанымды, өзімнің Қазақстанымды сүйемін. Менің сөздерімнің дұрыс түсіндірілмегені өкінішті. Осы үшін кешірім сұраймын", - деді шаңғышы. Полтораниннің айтуынша, ол құрамадан бөлек жағдайда жаттығуды жалғастыра береді. Оны бұл жағынан Спорт және дене шынықтыру агенттігі қолдап отыр. Полторанин федерация вице-президентімен арада әлі де болса келіспеушілік барын айтты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жұлдегері Алексей Полторанин Шаңғы жарыстары ұлттық федерациясымен тіл табыса алмағандықтан, құрамадан кетуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қазақстандық шаңғышылардың 70%-ы бас бапкер Александр Батяйкинмен және оның көмекшісі Владимир Сахновпен жұмыс істегісі келмейді. Бұл сұхбат біраз сынға ілікті. Сочи Олимпиадасында ту ұстаған Ердос Ахмадиев спортшыны өтірік айтты деп айыптаса, белгілі шаңғышы Владимир Смирнов "өзге елге кетемін деп арбау дұрыс емес" деген пікір білдірді.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети