24 ақпан 2014 11:31

Полторанин Сочиде сәтсіз өнер көрсетуінің себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Полторанин Алексей Полторанин

Алексей Полторанин Сочиде сәтсіз өнер көрсетуінің себебін айтты. Сочиде қазақстан халқы сенім артқан шаңғышы Алексей Полторанин өзінің Олимпиададағы сәтсіздігінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын шаңғышы туған жеріне оралған болатын. Өскеменге келе салысымен Алексей Полторанин өзінің бапкерімен бірге журналистерге сұхбат берді. Өз сұхбатында спортшы Олимпиададан жүлдесіз оралуының себептерін түсіндіруге тырысты. – Біріншіден, жарысқа дайындалу деңгейін алып қарайтын болсақ, скандинавтықтар мен біздің арамызда айырмашылық жер мен көктей. Мәселен, сервисте, медициналық қызметте, шаңғыны әзірлеуде, технологияларда және басқа да мәселелерде олар бізден оқ бойы озық тұр. Екіншіден, ауа райының жайсыздығы (температура +16 градус, қар еріп жатқан), трассаның бұзылуы кері әсерін тигізді, - деді Алексей Полторанин. Алайда шаңғышының бапкері бұл пікірмен келіспейді. Шәкіртінің сын сағатта бұлайша жігерсіздік танытуын оның өзі де түсінбей отырған секілді. – Шәкіртімнің өнеріне көңілім толмағаны рас. Қалай толсын, бұдан төрт жыл бұрын (Ванкувер Олимпиадасы) Алексей екі мәрте бесінші нәтиже көрсеткен, бірнеше халықаралық деңгейдегі сайыстарда көш басынан көрініп жүрді. Ал Сочиге келгенде бар-жоғы 9-шы орынды иеленді. Бұл - өте ұят!, – деді өз сөзінде Алексей Наконечный. Шаңғышы мен оның бапкерінің пікірінен түйгеніміз, мемлекет тарапынан тиісті деңгейде жағдай жасалмаған. Алайда, бұл – олардың өз пікірі. Бұл ретте мәселенің ақ-қарасын тиісті саланың мамандары айтар деген ойдамыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети