02 қаңтар 2017 21:46

Расул Мирзаевтың шабуыл жасалғаннан кейінгі жантүршігерлік видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоның кадры Видеоның кадры

ММА спортшысы Расул Мирзаев шабуыл жасалғаннан кейін бірінше рет Instagram желісінде ауруханада түсірілген суретін жариялады.


ММА спортшысы Расул Мирзаев шабуыл жасалғаннан кейін бірінше рет Instagram желісінде ауруханада түсірілген суретін жариялады.

Суретте спортшының төсек тартып жатқаны және оның жағдайын білуге келген адамдар көрінеді. "Келгендеріңіз үшін рақмет, бауырларым", - делінген суреттің сипаттамасында. Дәрігерлер Мирзаевтың денесінен екі оқ алып шыққан, оның бірі жүрек тұсына тиіпті.

Сонымен қатар, Желіде Расул Мирзаевқа шабуыл жасалған үйдің іші және спортшыға алғашқы жәрдем көрсетіліп жатқан сәт түсірілген видео пайда болды. Онда Мирзаевтың жарасын дәрігерлер таңып жатады, ал өзінің бет-жүзі ісіп кеткен.

Ал шабуыл жасады деген күдіктілер бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Айта кетейік, ресейлік спортшыны қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов қолдап, Instagram желісінде тілеулестік білдірді. "Шыдай түс, чемпион, сенімен біргеміз!", - деп жазды қазақстандық спортшы. 

Еске салайық, 31 желтоқсанда түнгі уақытта Расул Мирзаевтың пәтеріне белгісіз топ адам кіріп келіп, таяқпен ұрып-соғып, бірнеше рет бетіне оқ атқан. Олар чемпионды шынжырмен қылғындырғысы келген және аяғын сындырмақ болған. Алайда Расул тойтарыс бере білген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети