20 қаңтар 2017 14:31

Ресми түрде әскерде. Дмитрий Баландин мен Нижат Рахимов әскери ант қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпаздары Дмитрий Баландин мен Нижат Рахимов Алматыда әскери ант қабылдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпаздары Дмитрий Баландин мен Нижат Рахимов Алматыда әскери ант қабылдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшылар маңызды шараға жіті дайындалған. Әскер қатарына жаңа қабылданған сарбаздар сап түзеуді және жүруді үйренген. Баландин мен Рахимов бұл рәсімді елеулі оқиға деп атады.

"Уайым болды, тіпті бір-екі сөзді ұмытып қалдым. Барлығы да мұндай сезімді бастан өткерген шығар. Бізді "Динамо" спорт қоғамынан шақыртты және тәртібіміз жеңілірек болады әрі спортпен шұғылдана аламыз", - деді Дмитрий Баландин.

Жүзуден Олимпиада чемпионының ант беру рәсімінде уайымы білініп тұрса, ауыратлет Нижат Рахимов бұдан да қатты уайымдаған. Ол әр сөзді нақты айтып, ерекше сезіммен қол қойғанын жеткізді.

"Әрбір ер адам борышын өтеуі керек, қорықпауы керек. Ұлттық ұланда қызмет етуді армандағанмын", - деді Рахимов.  

Ұландық спортшы жауынгер атануларымен спортшыларды құттықтауға Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндетін атқарушы генерал-майор Андрей Каскеленов келді. Ол өз сөзінде "Құрметті спортшылар, бүгін сіздер Отан алдында салтанатты түрде әскери ант қабылдап, Ұлттық ұлан қатарына кіріп отырсыздар. Еліміздің егемендігі мен Тәуелсіздігін қорғау жолында Ұлттық ұлан сарбаздары қашан да өз алдына қойылған міндеттерді абыроймен атқаруда. Сіздер де өздеріңізге артылған міндеттерді қайсарлықпен орындап, бүгінгі қабылдаған анттарыңызға адал болады деген сенімдемін!" - деді.

Қолына қару ұстап, әскери ант қабылдаған Дмитрий Баландин "Ұландық жауынгер атанғаныма шын жүректен қуаныштымын. Бұрын-соңды қолыма Калаш қаруын ұстап көрмегендіктен және саптық алаңда саптық адыммен жүріп көрмегендіктен әскери ант қабылдау сәтінде сәл қобалжу болды. Бірақ Отан алдында өзге де сарбаздар секілді әскери киім киіп ант қабылдау сәті маған ерекше көңіл-күй сыйлады. Өзіме артылған міндеттерді абыроймен орындап, еліміздің, һәм Ұлттық ұланның намысын қашан да биік ұстауға тырысамын, антыма адал боламын, Қазақстан Республикасына қызмет етемін!", - деп ағынан жарылды.

Шақыру қағазы Олимпиада алдында келіпті, енді олар Астананың әскери бөлімінде қызмет атқаруы тиіс екен. Келесі жарыстарға қатысу үшін спортшыларға бұл кедергі болмайтыны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети