29 қаңтар 2015 17:43

Сабина Алтынбекова Индонезия волейболын дамытуға үлес қосуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова. ©Tengrinews.kz Сабина Алтынбекова. ©Tengrinews.kz

Сабина Алтынбекова Индонезияда әйелдер арасындағы волейболдың дамуына үлес қосуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы Gatra.com ресурсына сілтеме жасап. Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова спорт әлемінен көптеген іскерлік ұсыныс қабылдап жатыр.


Сабина Алтынбекова Индонезияда әйелдер арасындағы волейболдың дамуына үлес қосуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы Gatra.com ресурсына сілтеме жасап. Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова спорт әлемінен көптеген іскерлік ұсыныс қабылдап жатыр.

Елде бұл спорт түріне қызығушылық болмағандықтан, волейболдан әйелдер арасындағы турнир 2011 жылы тоқтатылған еді. Бірақ 2014 жылдың соңында Индонезия волейбол федерациясына Pertamina атты мұнай-газ компаниясы демеушілік жасай бастады. Бұл компания елдегі волейболды қайта өркендетуге ұмтылып, Сабина Алтынбекованы шақыруға дайын.

"Біз қажет болса Сабина Алтынбекованы алып келуге тырысамыз. Бірақ оны алып келсек, ол клубтардың бірінде ойнамауы мүмкін. Бұл арқылы бір клуб күшейіп кетеді. Оның үстіне, оның тұрғылықты жерімен қиындықтар тууы мүмкін, сондықтан оны шақыру үшін қосымша қаржы қажет болады", - деді Pertamina компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмад Бамбанг. - Сондықтан, біз Алтынбекова осы жылы қонақ ретінде келіп, біздің волейболымызды көреді деген үмітіміз бар. Оның Индонезияда көрермені көп, сол үшін Индонезияда әйелдер арасындағы волейболға деген қызығушылық оянады деп үміттенемін. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, 18 жастағы волейболшы Сабина Алтынбекова Азияда 2014 жылы танымал болған еді. Азия жастар арасындағы чемпионатта оның сұлулығына жанкүйерлер мен журналистер назар аударып, бұдан кейін қазақстандық жас спортшы атақты бола кетті. Оған көптеген ұсыныстар түсті, тіпті белгілі брендтердің тұлғасы болу туралы ұсыныстар болды. Бірақ волейболшы өзін тек волейболға арнап, оқуын жалғастыратынын айтты. Айта кетейік, таяуда спортшы қыз Токио қаласына волейболдан Жапонияда өтетін чемпионаттың аясында болатын шараларға шақырылды. Кездесу аясында Сабина Алтынбекова жапон спортшыларымен тәжірибе алмасты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети