01 тамыз 2014 14:13

Сабина Алтынбекова: Қазақстанда қыздардың бәрі әдемі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабина Алтынбекова. Фотосурет спортшының Facebook-тегі қоғамдастығынан Сабина Алтынбекова. Фотосурет спортшының Facebook-тегі қоғамдастығынан

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өз келешегін тек спортпен бірге ғана елестететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Сонымен бірге, ол Қазақстанда қыздардың бәрінің сұлу екенін мәлімдеді. 


Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өз келешегін тек спортпен бірге ғана елестететінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Сонымен бірге, ол Қазақстанда қыздардың бәрінің сұлу екенін мәлімдеді. 

Tengrinews TV-ге берген сұхбатында спортшы модель бизнесіне кетуді армандамайтынын ашып айтты. Ол волейбол құрамасы сапында ойнай беруді және ел волейболының деңгейін көтеруді қалайды. Сабина өз табынушыларына көңіл аудармауды ұйғарған. Ол өзіне не себепті қызығушылықтың артып кеткенін түсіне алар емес. Қыз "Қазақстанда қыздардың бәрі сұлу, бәрі әдемі" деп жауап берді. 

17 жастағы Сабина Алтынбекованың Тайпейде волейболдан өткен Азия чемпионатынан соң танымал болғанын еске саламыз. Қытай жанкүйерлері мен ақпарат құралдары жапон анимесі кейіпкерінен аумайтын қыздың жұрт назарын бірден өзіне аударатынын жарыса айтты. Оның әлеуметтік желідегі оқырмандарының қатары ә дегеннен 200 мың адамнан асып кетті.

Алтынбекованың келбеті жайлы қазір америкалық бұқаралық ақпарат құралдары да жазып жатыр. Huff Post басылымы қыздың танымалдығы оның спортпен айналысуына кедергі келтіреді деп жазды. Басылым қыздың шамадан тыс әдемі екенін атап өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети