03 тамыз 2014 10:06

Сабина Алтынбекованың фан-клубы Қазақстанда да пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сабинаның Ақкөлдегі фан-клубы Сабинаның Ақкөлдегі фан-клубы

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың фан-клубы Қазақстанда, Ақкөлде (Ақмола облысы) пайда болды, деп хабарлайды  Tengrinews.kz "Ақмола Медиа орталығына" сілтеме жасай отырып. 


Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың фан-клубы Қазақстанда, Ақкөлде (Ақмола облысы) пайда болды, деп хабарлайды  Tengrinews.kz "Ақмола Медиа орталығына" сілтеме жасай отырып. 

Мұндай фан-клубтар Қытайда, Тайваньда, Оңтүстік Кореяда, Тайландта ашылған болатын. Сабина өзінің қуыршаққа ұқсайтын бет-бейнесінің арқасында танымалдығы күннен күнге арта түсуде. Әлеуметтік желілерде волейболшы қызға арналған түрлі аккаунттар ашылып жатыр. 

Спортшы қыздың айтуынша оның тек "Вконтакте" мен "Instagramда" ғана аккаунты бар. Осы аккаунттардағы оның оқырманы жарты миллионға жақындады. Айта кетейік, 17 жастағы Сабина Алтынбекова Тайваньда өткен 19 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында Қытай әлеуметтік желілерінің жұлдызына айналған. Қытайлық жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері Сабинаны жапон анимесіне ұқсатқан болатын. Сол кезде Сабина өз жанкүйерлерінің сыйлығының астында қалды, әлеуметтік желідегі оқырмандары 200 мыңнан асып жығылды. 

Сабинаның сыртқы келбетін АҚШ БАҚ өкілдері де талқылауда. Huff Pos басылымының жазуынша, Сабина Алтынбекова волейбол үшін тым әдемі. Журналистер Сабинаның сұлулығы оның  спортта жетістікке жетуіне кедергі келтіретінін жазуда. Сондай-ақ басылым ойын барысында жанкүйерлер Алтынбековадан басқа ешқандай қызға назар аудармайтынын да айтты.

Қазақстанға оралған кезде Сабина өзінің мұндай танымалдықа ие болғанына таңғалғанын, оның себебін түсіндіре алмайтынын айтты. "Азия чемпионатынан елге оралғаннан кейін Сабина өзінің командалас құрбыларымен бірге Алматыда өткен волейболдан әлемдік Гран при матчына барды, одан кейін өзінің "Алматинки" құрамасындағы жаттығуларына қайта оралды" делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети