18 қыркүйек 2014 14:39

"Сарықұрлық" Сабинаны сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инчхон. ©Никита Басов Инчхон. ©Никита Басов

ХVІІ жазғы Азия ойындары қарсаңындағы Қазақстан туының көкке көтерілу салтанатында азиялықтар волейболшы жас қызымыз Сабина Алтынбекованы іздеді, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.


ХVІІ жазғы Азия ойындары қарсаңындағы Қазақстан туының көкке көтерілу салтанатында азиялықтар волейболшы жас қызымыз Сабина Алтынбекованы іздеді, - деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Инчхон төрінде алты елдің туы бірінен соң бірі салтанатты түрде көкке көтеріліп жатқан. Малайзия, Бахрейн және Иран елдерінің мемлекеттік рәміздері сырықтай бағанның ұшар басына бекітіліп, Әнұрандары шырқалды. Енді біздің көкбайрағымыз көкке көтерілуі керек.

Салтанатты шараны жүргізуші "Енді Қазақстанның туы көтеріледі" деп, жариялай бастап еді, айналамыздағы азиялықтар "ә, Қазақстан" деп шүйіркелесе жөнелді.

Содан олардың бірі бізге қарай бұрылып, "Сабина қайда, Сабина? Мына спортшылардың ішінде бар ма?" деп, сұрады. Оларға жақынырақ тұрған "Қазақ спорты" газетінің Бас редакторы Еламан Қоңыр "ол жас қой әлі, ұлттық құрамада жоқ" деп, түсіндіре бастап еді, әлгілер оның сөзін іліп әкетті.

Тайваньның FTV деген телеарнасының журналисі Ченг Хао тіпті "ол 17-де, қазір жасөспірімдер құрамасында ойнайды..." деп, бәрін тәптіштеп айтып шықты. Отыздарға келіп қалған сақа жігіт Сабина туралы ғаламтордан көп оқыған сияқты.

Сол кезде біздің Әнұранымыз құйқылжи жөнелді де, біз орнымыздан тұрып, оң қолымызды кеудемізге қойып, "Менің Қазақстанымды" қосыла шырқай жөнелдік. Сымбатты Сабинаны сұрағандар жайына қалды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети