12 наурыз 2014 16:32

Сауат Мыңбаев күрес федерациясына президент болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суретті күрес федерациясы ұсынды Суретті күрес федерациясы ұсынды

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясында басшы ауысып, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев президент болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының кезектен тыс жиыны өтіп, онда осы спорт түрінің басшысы ауысты. Атап айтқанда, бұл лауазымды қызметке "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев сайланды. Бұл жөнінде ҚР спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі ақпарат таратты. Ал ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы осы конфедерацияның құрамына кіреді. Жалпы, бұл федерацияны 2011 жылдан бері "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали басқарып келген-ді. Енді Серік Сұлтанғали еліміздегі күрес федерацияның құрметті президенті болып, президент Сауат Мыңбаев болатын болды. Еліміздің күрес федерациясының кезектен тыс жиынына ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Темірхан Досмұхамбетов, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры Сәкен Мұсайбеков, еліміздің даңқты палуандары – Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети