24 сәуір 2014 04:29

Шабанбай қола медаль еншілеп, Кахидзе күміспен күптелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР күрес түрлері федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Сурет ҚР күрес түрлері федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші күні Қазақстан балуандары бір алтын, бір күміс, және бір қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші күні Қазақстан балуандары бір алтын, бір күміс, және бір қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бүгін еркін күрестен бес салмақ дәрежесінде (ерлер төрт салмақта, ал әйелдер күресі өкілдері бір салмақта) Азияның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. 57 келі салмақ дәрежесіндегі Расул Қалиевтің абыройымызды асқақтатып, құрлық чемпионы атанғанын жазғанбыз.

Боз кілемге одан кейін 65 келі салмақтағы Дәурен Жұмағазиев шыққан болатын. Ол қола жүлде үшін моңғол Батхулун Батмангнаймен күресіп, тартысты өткен белдесуде ұпай айырмасымен ұтылып қалды. Өкінішті, әрине. Дәурен салмақ ауыстырып, содан әлі бабына келе алмай жүрген сияқты. Алар асуы әлі алда деп сенеміз.

Бұдан кейін 86 келідегі балуанымыз Аслан Кахидзенің тілеуін тілегенбіз. Бірақ ол Иран саңлағы Мейсам Жоукарға қарсы қайрат көрсете алмады. Бұл белдесуде ұпайды тек Иран балуаны еншілеумен болды. Есеп 0:11-ге жеткенде, төрешілер белдесуді тоқтатып, жеңісті шеберлігімен көпшілікті тәнті еткен Иран балуанына берді. Кахидзе күміс жүлдегер атанды.

Ақтық белдесулерде біздің жігіттердің ішінен кілемге ең соңынан 125 келідегі Дәулет Шабанбай шықты. Қырғызстан балуаны Аял Лазаровпен белдескен Дәулет ұпай санымен де ұтып жатқан. Бірақ белдесудің аяқталуына аз ғана уақыт қалғанда, қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіске қол жеткізді.

Сөйтіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Өкінішке қарай, Дәулеттің жеребесі жеңіл түспеді. Егер ол Иран балуанымен финалға дейін жолықпағанда, күміс жүлдегер атанар да ма еді. Біз мұны Иран балуанының финалдағы қарсыласын көріп жазып отырмыз...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети